В категории объявлений: 15 Показано объявлений: 1-15 |
Страницы: 1 |
Сортировать по: Дате↓ · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам
Мұхиттар Мұхит(Әлемдік мұхит) -- гидросфераның негізгі бөлігі. Жер шарында төрт мұхит бар: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік мұзды. Кейбір ғалымдар Антарктида маңы суларын бесінші Оңтүстік мұхиты деп жеке бөледі. |
Байқоңыр ғарыш айлағы Қазіргі кездегі қоғамның дамуы айналадағы қоршаған ортаны пайдаланумен тікелей байланысты, яғни адамзат тіршілігіне қадетінің барлығын табиғаттан алады. Бұл жағынан алғанда табиғат – табиғи қажеттілікті қамтамасыз ететін таңғажайып құбылыс. Ғылым мен техниканың жетілуі, өндірістің қарқындап дамуы, жерасты қазба байлықтарын кеңінен пайдалану, транспорт түрлерінің көбеюі қоршаған ортаны түрлі химиялық қосылыстармен ластауда. Мұндай химиялық қосылыстардың көбінің токсиндік және концерогендік қасиеттері биосфералық тепе-теңдіктің бұзылуына, климаттың өзгеруіне, ауылшаруашылық өнімдер өнімділігінің төмендеуіне және халықтың денсаулығының нашарлауына әсерін тигізеді. Токсиндік және концерогендік қосылыстар клетка құрамына еніп, ДНК молекуласына әсер етеді, хромосомаларын бұзып, нәтижесінде ағзалардың тіршілік ету қабілеттігін төмендетеді. |
Батыс Қазақстан Батыс Қазақстан аймағы орталық пен оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді. Батыс Қазақстан құрамына Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары кіреді. Бұл аймақ Республиканың ең шалғай батысы мен оңтүстік батысында орналасқан. Оның аумағы солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге дейін, ал батыстан шығысқа 1300 км-ге дейін созылады. Үлкен өзендер – Жайық пен Ембі. Үлкен көлдер – Индер, Аралсор, Қамыс-Самарские. Каспий теңізі бұл аймақта ең маңызды рөл атқарады. Мұнай шығару 100 жылдан бері дамып келеді. Атырау қара уылдырықты дайындау және сақтау орталығы болып табылады. Бұл жердің климаты - қатаң континенталды, құрғақ. |
Биосфера Биосфера – ерекше биос - өмір және тіршілік, «Sphaira» (сфера) шар, қоршаған орта деген сөздерінен алынған, яғни жер шарындағы адамзаттың жан-жануарлардың, өсімдіктердің және басқа тірі организмдердің тіршілік ететін ортасы деген мағына береді. Бұл терминді 1875 жылы бірінші рет Австрияның атақты геологы Э. Зюсс ғылымға енгізді. Бірақ биосфера және оның жер бетінде жүріп жатқан процестері туралы ілімнің негізін салған академик В.И. Вернацкий болды. Осы ілім бойынша, биосфера +50 %-дан – 50 % -ға дейін температурасы болатын термодинамикалық қабат болып саналады. |
Алматы - Жетісу маржаны Алматы - Еуразиялық контитенттің маңызды және ыңғайлы жерінде орналасып, Ұлы Жібек Жолының транзиттік пункті болып табылады. Сонымен қатар қаламыз туризмнің әрі қарай дамуы мен жетілуіне үлкен мүмкіндіктері бар. Осында Қазақстанның 713 тіркелген фирмаларының 470 туристік ұйымы орналасқан. 3000 мыңдай адам қызмет істейді. 2003 жылы олар 100250 адамға қызмет көрсетті. |
Астана - Қазақстанның бас қаласы Астана — бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің нышаны . Бұл саяси батыл қадам. Астана шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас жеткіншектеріміз. |
Жердің жалпы ерекшеліктері Жер күн жүйесінің басқа планеталары сияқты әр түрлі жұлдыздардың шаңы мен газдарынан құрылған. Жердің геологиялық жасы 4,5-5 млрд жыл деп есептеледі . Алғашқы геологиялық сатыдан бастап жер беті материктік көтерулер мен мұхиттық ойпандарға бөлінген. |
Көлік кешені Көлік кешені – экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі. Археологиялық деректемелер неолит заманынан бастап көліктің шаруашылық салаларына ене бастағанын байқатады. Көне обалардан табылған әбзел қалдықтары малдың көлік ретінде ежелден-ақ пайдаланылғанын көрсетеді. Ежелгі заманнан келе жатқан көлікке негізінен жегін малы мен мініс малы: түйе, жылқы, қашыр, құлан, есек, сиыр, бұғы, ит, т.б. жатады. Әрбір көлік малының тұрмыстық-шаруашылық жұмыстарда қолданылуы оның табиғи ерекшеліктеріне байланысты болды. Мініс малы көне замандардан бері шөл далалы, орманды, батпақты, таулы-қыратты жерлерде негізгі көлікке айналды. Жегін малы арба, күйме, шана сияқты көлік құралдарына жегіліп, жолаушы, жүк тасымалдауға, көшіп-қонуға пайдаланылды. |
Оңтүстік Қазақстан Қазақстан Республикасы өзінің табиғи және географиялық ерекшеліктерімен танымал. Негізгі саяхат аймақтары Оңтүстік Қазақстанда – Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары болып табылады. Бұл аймақ өзінің бай тарихи және мәдениетімен атақты, оған куә Тараз қаласындағы Айша-Бибі, Қарахан, Бабаджа-Хатун архитектуралық мавзолейі, Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи архитектуралы ансамбілі және т.б. Бұған қосымша бола алатын Алматы облысындағы Жетісу өлкесіндегі ғажайып Сақтардың мазаратты дөңбешіктері . Оңтүстік Қазақстан облысы аймағында әлемге әйгілі атақты Байқоңыр космодромы орналасқан. |
Ақсу-Жабағылы қорығы Кең-байтақ Қазақ жерінде он қорық бар. Ақсу-Жабағылы, Алакөл, Алматы, Барсакелмес, Батыс Алтай, Қаратау, Қорғал¬жын, Марқакөл, Науырзым, Үстірт. Қайран Қазақстаныңызда он ұлттық парк бар. Алтынемел, Баянауыл, Бурабай, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатонқарағай, Көк¬шетау, Шарын, Сайрам-Өгем, Көлсай көл¬дері. Бұларға қоса үш табиғи резерв (қор) құ¬рылған. Олар Ертіс орманы, Семей орма¬ны және Ырғыз-Торғай орманы деп ата¬лады. Бір қарағанда, бұларыңыз аз емес се-кілді. Ал майталман мамандардың меңзеуі¬не мән берсек, қазақ жері үшін әлі де жет¬кі-ліксіз көрінеді. Көбейте түсу керек, деседі. |
Орталық Қазақстан Географиялық орны . Орталық Қазақстан республикасының шағын әрі тұйық Нұра және Сарысу өзендерінің алабы алып жатқан ортанғы бөлігі – ежелгі таулы өлке – Сарыарқаға, батысында Оралдан және шығысында Кузбастан бірдей қашықтықта орналасқан . Бұл ауданның географиялық орнының осындай ерекшелігі Оралдың металлургия кәсіпорындарын кокстелетін кө- мірмен негізгі жабдықтаушы ретінде мемлекетаралық маңызын арттырады, ал континентті Қазақстанның орталығына орналасуы – климатының Қуаншылықты және тұщы су тапшылығысезінуіне себепші болды . |
Қарқаралы ауданы Қарқаралы өңірі ерте заманнан бері түркі тектес тайпалардың, оның ішінде қарлық, қыпшақ, оғыз тайпалық бірлестігі үшін темір рудасын өндіретін бірден – бір стратегиялық тұрғыдан маңызды аудан болып қалыптасты. Көрнекті ғалым А.Х.Марғұлан археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу арқылы бұны дәлелдеп берді. |
Тарбағатай Тарбағатай. Климаттың континенттігі ауданның көп жерінде температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып, жауын – шашынның аз жауатындығынан байқалады. Аудан климатының мұндай болу себебі – оның мұхиттар мен теңіздерден өте алыс қашықтықта орналасуына байланысты. Сондай-ақ, климатқа аудан территориясының және көршілес жатқан аймақтардың жер бедеріде әсер етеді. |
Мұнай-химия кешені Химия нарығында зерттеу жұмыстарымен айналысатын американдық «Chemical Market Associates Inc.» (CMAI) мәлімдері бойынша, полистиролдың дүние жүзілік тұтыну көлемі жылына 14,4 млн тоннаға тең, соның ішінде, Батыс және Шығыс Европа тұтыну көлемі 3,5 млн тонна құрастырады. Ең ірі тұтынушы Азия елдері, олардың үлесі жалпы көлемнің 30%-на жуық . |
Гидросфера Гидросфера – табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады. Бұл құрлықтың 70 % алып жатыр. Гидросфераның көлемі 400 млн шаршы км. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігіне жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде, жер бетінің 77,5% - ын су алып жатыр. Су қорларына – мұхиттар, теңіз, өзен, көл, жер асты сулары, мұздықтар, атмосферадағы ылғал кіреді. Су адамдар мен жануарлардың организміне еніп, онда болатын зат және энергия айналымына тікелей қатысады. Көптеген процестер тек сулы ортада ғана жүре алады. Белок суда пайда болған және осы ортада дами алады, ал белок тірі клетканың негізі болып табылады. Жер бетіндегі биологиялық өнімдердің 43% - ын, ал оттегінің 50% - дан көбін мұхиттар мен теңіздер береді. |
1-15
|
|