В разделе объявлений: 94 Показано объявлений: 1-20 |
Страницы: 1 2 3 4 5 » |
Механиканың физикалық негіздері Кинематика – дене қозғалысын қамтамасыз ететін себептерге байланыссыз қозғалысты оқып зерттейді, статика – денелердің тепе-теңдіктегі шартын зерттейді, ал динамика –қозғалыстың сол немесе басқадай сипатын қамтамасыз ететін себептерге байланысты денелердің қозғалысын оқып зерттейді. |
Дарвин Чарльз Роберт Чарльз Роберт Дарвин (1802-1809) - әйгілі ағылшын ғалымы , натуралист , биологиялық эволюцияның негізін салушы . Эволюциялық өзгерістердің механизмін енгізуді алғаш ұсынған ғалым . Ч.Дарвин Санк - Петербургтің ғылыми академиясының шетелдік мүше-кореспонденті еді. |
Атом бомбасы Жақында ғана АҚШ-та жарық көрген Кеңес мемлекеттік қауіпсіздігінің бұрынғы генералы Павел Судоплатовтың «Особые задания» естеліктер кітабындағы «Атомдывқ шпиондар» мақаласы батыста шу көтерді, өйткені бұнда америкалық атом бомбасы жөнінде кеңес барлаушыларының жетісті туралы айтылады. Батыс комментаторларына мына жайт қызуғышылық туғызды: Судоплатов НКВД үшін «ақпарат көздері» ретінде атақты ғалымдарды – Роберт Огенгеймер, Энрико Ферми, Нильс Бор, Лео Сицилард және Георгин Гамовты атады, бірақ та бұны ешбір құжаттармен нақтыламаған. |
Үйкеліс күші Дене беті тегіс болмайды. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанда осы тегіс емес жерлер деформацияланады, үйкеліс күштері пайда болады. Үйкеліс күші электромагниттік күштер қатарына жатады. Қатты денелер бірінің бетімен бірі қозғалғанда олардың арасында сұйық немесе газ тәрізді зат болмаса, онда пайда болатын үйкелісті құрғақ үйкеліс деп атайды. Құрғақ үйкеліс тыныштық үйкелісі және сырғанау үйкелісі болып екіге бөлінеді. Үйкелістің тербеліс үйкелісі деп аталатын түрі де кездеседі. Тыныштық үйкелісі мына формуламен анықталады: |
Қос күш. Қос күш моменті 1.1. Қос күш. Абсолют қатты дененің А және В нүктелері шамалары тең,бағыттары параллель қарама-қарсы Р, Р күштері түсірілген дейік. Мұндай екі күштің системасы бір тең әсер етуші күшке келтірілмейді және тепе-теңдікте болмайды.Шынында да құраушы күштерге параллель тең әсер етуші күш R болса, онда оның әсер ету сызығы АВ түзуін А нүктесінен. |
Фосфор және оның қосылыстары Фосфор азоттық ұқсас, өйткені азоттағы сияқты валенттік электрондық (3s 3p) бар. Бірақ азот атомымен салыстырғанда фосфор атомының өлшемі үлкен және иондық энергиясы аз. Бұл азотқа қарағанда фосфордың бейметалдық қасиеттерінің әлсіз екенің білдіреді. Сондықтан фосфорда 3 тотығу дәрежесі сирек, +5 тотығу дәрежесі жиі кездеседі. |
Нанотехнологияны Қазақстанда дамыту салалары 200 жыл бойы ең кішкентай шама атом екендігіне ешкімнің күмәні болмады.XX ғасырда ғылым ең кішкентай элементар бөлшектерді (электрон, протон, нейтрон) ашып, бұл барлық әлемнің негізгі түсініктерін өзгертті. Барлық ғылымның негізінің негізі Аристотель постулаты - объект бір мезгілде «А» немесе «А емес» болуы мүмкін емес дегенімен, ол жарықтың бірмезгілде бөлшектер ағыны және толқын болатындығын түсіндіре алмады. |
Әйтеке би Байбекұлы Әйтеке би (Айтық) (1644—1700) — қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Кіші жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. |
Ұлт және дін Қоғам – адам баласын басқа махлұқаттан даралайтын басты қасиеттің бірі. Жеке тұлғалардан (фәрдтер) құралатын адам қоғамы кейде тұрақты әлеуметтік сипат танытса, кейде экономикалық (ықтисади), саяси һәм әлеуметтік (ижтимағи) өзгерістер салдарынан кернеулі де тұрақсыз кейіп танытады. Сойылынан қан тамған Кеңес империясының құрдымға кетуімен басталған әлеуметтік өзгерістер мен дағдарыстар зобалаңы біздің елімізді де шарппай қойған жоқ. Соңғы 10 жылдың көлемінде елімізде менталитет, ой-сана, тәрбие, сенім, дағды жағынан жаңа қоғам – Қазақыстан қоғамы қалыптасуда. Қазақыстан азаматтары – Қазақыстан қоғамын қалыптастыратын фәрдтер. Ықтисадтық, демографиялық, психологиялық, саяси, әлеуметтік өзгерістер әбден күшейген осы кезеңде фәрдтерге (жеке адамдарға) назар аударып, олардың аумалы-төкпелі кезеңді шығынсыз һәм жарақатсыз өткізуіне көмектесуіміз ләзім. Бұл біздің еліміздің келешектегі өміріне тікелей тәсір ететін жағдай. Біздің осы мақаладағы мақсатымыз – өтпелі кезеңдегі фәрд пен қоғамның әлеуметтік мәселелерінің шешілуіндегі діннің рөлін, маңызды орнын талдамақ. |
Дәрі-дәрімек өсімдіктер Түйнекті алқа (Solanum tuberosum, картофель). Сипаттамасы: Биіктігі 30-150 см жететін, көп жылдық шөптесін өсімдік. Жер астында өркені көлбей өсіп, түйнектер пайда болады. Жапырақтары күрделі: бір жапырағында 7-ден 11-ге дейін іріліүсақты жұмыртқа пішіндес жапырақтар болады. Гүлдері 5-6- дан жиналып гүлшоғырын құрады. Гүлдерінің түсі ақ түстен күлгін ашық түске дейін болады. Жемісі-көп тұқымды жидек. |
Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы ұлттық болмыс көрінісі Ұлттық болмыс - ұлттық қадір-қасиет. Ол – сатылмайтын байлық. Біз үшін сатылмайтын байлық- тіліміз, дініміз, ұлтымыз, Отанымыз. Бұл байлықтар біз үшін бәрінен де жоғары. Осы аталған нәрселер әр адамда бар, бірақ өкінішке орай, бәрі бағалай бермейтіні жүрегімізге батады. Ана тілінде сөйлейтіндерден гөрі, шүлдірлеп сөйлейтін қазақтар өте көп. Дінін сатып, басқа дінге көшкендер де жеткілікті. |
Абай Құнанбаев Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, жазушы, қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. |
Бауыржан Момышұлы Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. |
Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясының көркемдік құрылымы Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Абай мектебінің үздік өкілі, ақын, жазушы, философ, тарихшы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық өмірбаяны жайында көптеген зерттеу еңбектері мен мақалалар жарияланды. Артына «Үш анық» секілді терең философиялық толғау, «Түрік, қырғыз һәм хандар шежіресі» атты тарихи мұра қалдырған ғұламаның шығармалары теңдесі жоқ ұлттық игілік. |
Аймауытов Жүсіпбек Аймауытов Жүсіпбек (1889-1931)— қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. |
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы (1940) – тәуелсіз Қазақстанның тұнғыш Президенті. Туып-өскен жері-Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылы. |
Төле би Әлібекұлы Әлібекұлы Төле би (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «БИлер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де шықпаған. Олар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған» деген дерек береді. |
Антропогенез Антропогенез (грек. anthropos – адам, genesіs – шығу тегі) – антропология ғылымының адамның шығу тегін, даму тарихын, оның жеке биол. түр болып қалыптасуын және адамзат қоғамының даму кезеңдерін әрі жаратылыстану, әрі қоғамдық ғылымдарға сүйене отырып зерттейтін негізгі саласы. Бұларды шешуде антропогенез приматология, эмбриология, физиология, психология, геология, археология, этнография, тіл білімі сияқты ғылымдардың нақты деректеріне сүйенеді. |
Рентген сәулелері Бұл сәулелер 1895 жылы неміс физигі Вильгельм Рентген ашқан. Рентген өзіне дейінгі көптеген ғалымдардың мән бермеген және аңғара алмағандарын байқай қойды. Осы ерекше қабілеті оның тамаша жаңалық ашуына жәрдемдесті.Ғасырдың аяғында аз қысымды газдардағы разряд физиктердің назарын аударды. Бұл жағдайларда газ-разрядтық түтіктерде өте шапшаң электрондардың ағыны туғызылған. Сол уақытта оларды катод сәулелері деп атаған. Бұл сәулелердің табиғаты сол кезде сенімді түрде тиянақтала қоймаған еді, тек бұл сәулелердің шығатын басы түтіктің катодында екені ғана мәлім болған. |
Сырым Датұлы Датұлы, Сырым (1712—1802) — Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы күрескен Кіші жүз қазақтары көтерілісінің көрнекті басшысы, атақты батыр, әйгілі шешен. |
|
|
Категории раздела
Опрос
Друзья
Онлайн ТВ бесплатно.
Наши реквизиты
WMZ:396410142332 WMR:397186723051 WMU:Will be soon
Расскажите о нас друзьям
Добавьте сайт в социальные закладки
Установите наш баннер или ссылку
Подпишитесь на Rss новости
|
Реклама
Мини-чат
|
|
Загрузка...
Загрузка...
Загрузка...
|
|